Атырау облысында 21 жастағы жігіт үйінде 30 келіге жуық бағалы бекіре балығын заңсыз сақтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек «Бекіре-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.
«Исатай ауданының тұрғыны үйінде жалпы салмағы 29 келі 800 грамм болатын бекіре тұқымдас балық сақтаған. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.