• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Мамыр, 2021

Бүгін елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

321 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 9 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалған мереке күндері, яғни 7,8 және 10 мамырда елордалық қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді.⠀

Жолаушыларға бетперде тағып жүруі міндеттеледі. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.⠀

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.