• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Күрес 06 Мамыр, 2021

Азамат Дәулетбеков Олимпиадаға іріктеу турнирінің ширек финалына өтті

168 рет
көрсетілді

Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінің бірінші жарыс күні өтіп жатыр. 86 килода белдесетін қазақстандық Азамат Дәулетбеков жарыстың ширек финалына өтті деп жазады Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

1/8 айналымда Азамат германиялық балуан, 2019 жылғы Еуропа ойындарының қола жүлдегері Ахмед Дударовпен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте Дәулетбеков 5:4 есебімен жеңіске жетті. 

1/16 айналымда Азамат Дәулетбеков колумбиялық қарсыласын жарыс жолынан шығарды.