• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Мамыр, 2021

Халықтың вакциналауға деген көзқарасы қандай?

211 рет
көрсетілді

Отандастарымыздың басым бөлігі вакциналауды қолдап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшылар ел арасында вакциналау жайлы сауалнама өткізді. Нәтижесінде

халықтың вакциналауға деген пікірі біршама жақсарғаны, елдің қорқынышы біраз бәсеңдегені анықталды.

Сонымен, сауалнама нәтижелеріне көз жүгіртсек:

Дауыс берушілердің 56%-ы вакцинаны тиімді деп бағалап отыр, ал 12%-ы вакциналауға қарсылық танытатынын айтса, қалған 23%-ы бейтарап позицияны ұстауда және 6%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналады екен.

Онымен қоса, олардың 14%-ы вакциналанғаны, 32%-ы мүлде вакцинадан бас тартқаны, 26%-ы вакциналауға дайын екені, ал қалған 21%-ы әлі де күте тұрғанды жөн көретіндері анықталды.

Сонымен қатар сауалнамаға қатысушылардың 62%-ы Спутник-V вакцинасына, 12%-ы QazCOVID, ал қалған 2%-ы Pfizer (АҚШ) және 2%-ы AstraZeneca ( Великобритания, Швеция) мен 1%- қытайлық Sinovac Biotech вакцинасына сенім артатындарын айтты.

Айта кетейік, дауыс берушілер саны –1100 адам.