«Шалқар ауданы, Базой ауылының 15 жастағы тұрғыны «Иж Планета-5» маркалы мотоциклді айдаған. Ол басына арнайы баскиім кимеген. Базой ауылынан 3 шақырым ұзағанда рульге ие бола алмай аударылып, алған жарақатынан ауылдағы емхананада көз жұмды.
Балаға алдымен жол ережесін түсіндіріп, содан кейін ғана велосипед, мотороллер сатып алуыңыз керек. Бұл – ата-аналарға ескерту. Жүргізуші кез келген сәтте дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Ал кәмелет жасқа толмағандар мұны ескере бермейді», дейді облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.