Ақмолада жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Целиноград ауданының ПБ кезекші бөліміне Төңкеріс ауылының тұрғынынан Алтынсарин ауылының маңында жаяу жүргіншіні белгісіз біреудің қағып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Зардап шегушінің жағдайы ауыр екені анықталды.
Оқиға орнына келген полицейлер алдын ала мәліметтер бойынша, Екатеринбург-Алматы тас жолының 1241 шақырымында Subaru Forester маркалы автокөлігінің жүргізушісі Алтынсарин ауылының 25 жастағы тұрғынын бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп бара жатқан жолақта соғып кеткенін анықтады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адам Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылды.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.