Қазақстанның 20 үкіметтік емес ұйымы өздерінің кәсіпкерлік идеяларын іске асыру үшін 500 мың теңгеден алады. Бұл туралы «Әлеуметтік талдау және әріптестік орталығы» қоғамдық қорының «Қазақстанның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру және танымал ету» Республикалық жобасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлер арасында шағын гранттар конкурсын бастауға арналған онлайн баспасөз конференциясы барысында белгілі болды.
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің жай-күйі бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу, сәтті кейстер жинау және әлеуметтік кәсіпорындардың деректер базасын құру, ҮЕҰ-конкурсқа қатысушылар үшін оқыту вебинарларын өткізу, сондай-ақ гранттық конкурс пен жобаны көпшілік таныстырылымдар, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық сүйемелдеу жоспарланған.
«Жыл қорытындысы бойынша қолдау тапқан жобалардың кем дегенде 30%-ы өзін өзі қаржыландыру немесе жергілікті деңгейде қолдау арқылы, сондай-ақ осы жобаларды іске асыру аясында тұрақты жалғасатын болады деп жоспарлануда», деді Алма Қонарова.
Сондай-ақ баспасөз конференциясына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Гүлбара Сұлтанова, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров және басқа да сарапшылар қатысты. Г.Сұлтанова өз сөзінде мемлекеттің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және оны заңнамалық деңгейде қолдауға мүдделілігін атап өтсе, Л.Диас Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы шағын гранттар конкурсының барлық қатысушысына әдіснамалық, консультациялық және ақпараттық қолдау бөлігінде толық қолдау көрсетуге дайын екендігіне сендірді. Ал Green TAL әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Әскеров жобаның барлық қатысушысына консультациялық көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы өз тәжірибесі туралы айтты.
Алтынай ТЕЛІБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның 11-сынып оқушысы
АЛМАТЫ