• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Бокс 12 Мамыр, 2021

Әлем чемпионаты Белградта өтеді

158 рет
көрсетілді

Бокстан ерлер арасындағы биылғы әлем біріншілігінің өтетін орны мен уақыты белгілі болды.

Халықаралық әуесқой бокс ассоциа­циясының (АИБА) таратқан ресми мәліметі бойынша, төрткүл дүниенің былғары қолғап шеберлері биыл Сербия астанасы – Белград шаршы алаңында бақ сынайды. Ал жекпе-жектер қазанның 26-сы мен қарашаның 6-сы аралығында өтеді. Әлем біріншілігі әдеттегідей 8 салмақ дәрежесінде ұйымдастырылады.

Осыдан екі жыл бұрын Ресейдің Екате­ринбург қаласында өткізілген дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасының боксшылары 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшінші орын алған еді.