Екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс мексикалық Сауль Альвареспен сегіз раунд жұдырықтасқаны үшін 8 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.
Америкалық The Athletic басылымының журналисі Майк Коппинджердің мәліметі бойынша, бұл – Сондерстің кәсіпқой бокста алған ең көп гонорары. «Билли Джо Сондерс Альвареспен өткен жекпе-жегі үшін 8 миллион доллар тапты. Мансабына қауіп төндіретін жарақатын ескерсек, ол өзін өмір бойына қамтамасыз ететін қаржы алды», дейді Коппинджер.
Сауль Альварес пен Билли Джо Сондерс 9 мамырда АҚШ-тың Арлингтон қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасып, кездесу 8-раундта мексикалық боксшының техникалық жеңісімен аяқталған еді.