Бұл жайында City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.
«16 мамыр, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады» делінген хабарламада.
Автобустарда дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қатаң сақталуға тиіс. Автобусқа маскасыз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.