Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай бойынша аймақтар туралы бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елімізде 14 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Ақмола, БҚО, Қарағанды және Павлодар облыстары тұр.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстары.