• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Мамыр, 2021

Ұлытауда «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады

866 рет
көрсетілді

Маусым айының соңына қарай Ұлытауда «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ел алдындағы есебі кезінде осылай деді.

«Киелі туризмді дамытуды ынталандыру және тарихи-мәдени нысандарға туристік қызығушылықты арттыру мақсатында маусым айының соңына қарай Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады», деді Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ министр шілде айында Шығыс Қазақстан облысында «Абай жолымен» атты ақпараттық тур өткізу жоспарланып отырғанын айтты.