• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2021

Алматыда әуе апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы тұрақты. Олар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Екі науқастың да жағдайы тұрақты. Олар реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Палатада ем алады», деді №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы 17.22 кезінде радардан жоғалып, қала әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта болған 4 адам қаза тауып, 2 адам түрлі жарақатпен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар