Көкшетау қаласында 2 жасар қыз бала 7-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД сілтеме жасап.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай мамырдың 14-і күні кешкі сағат 18:55 шамасында болған.
«Абылай хан көшесі, 15 мекенжайында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан қыз бала құлап кетті. Алдағы маусым айында бүлдіршін 2 жасқа толатын еді», деді баспасөз өкілі.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.