Орал қаласында септикке түсіп кеткен 3 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аулаға шыққан бала септикке түсіп кеткен. Оны сол тұстан өтіп бара жатқан ер адамдар шығарып алған.
«Баланың тыныс алу жолы бұзылып, тоқтаған. Аузына жасанды тыныс беру жасалып, қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Баланы бөлімше меңгерушісі хирург, кезекші реаниматолог және нейрохирургпен бірге қарап, медициналық көмек көрсетілген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан реаниматолог пен хирург шақыртылған. Шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған баланың жағдайы ауыр», деп хабарлады ведомство өкілі.