Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 мамырдағы мәлімет бойынша, елімізде 38 888 адам коронавирус инфекциясынан (38 379 КВИ+ және 509 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 14 295 науқас стационарда, 24 593 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус індетіне шалдыққандардың арасында 820 адамның жағдайы ауыр. Оның ішінде 185 науқастың жағдайы өте ауыр және 106 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.