• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Теннис 17 Мамыр, 2021

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

188 рет
көрсетілді

Келесі айда 24 жасқа толғалы отырған қазақстандық теннисші Александр Бублик кеше ғана жаңартылған әлемдік рейтингінде 39 орынға көтерлді.

Жалпы биылғы жыл еліміздің бірінші ракеткасы үшін сәтті өтуде. Ол қаңтар айында Түркияның Анталия қаласында өткен АТР турнирінің ақтық сынында өнер көрсетті. Одан кейін екі бірдей дүбірлі доданың ширек финалына дейін жетті. Басқа да жарыстарда жаман ойнаған жоқ. Міне, осындай табыстарының арқасында Александр Бублик өзінің спорттық карьерасында алғаш рет осындай өте жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр. Қазақстанның тағы бір өкілі Михаил Кукушкин «ТОП-100» теннисшінің қатарына қайта оралды. Қазіргі кезде ол үздік жүздікті қорытындылауда. 

Әйелдер сайысында отандастарымыз арасындағы ең жақсы көрсеткіш Елена Рыбакинаға тиесілі. 22 жастағы аса дарынды ойыншы WTA тізімінде 22 орынды иеленуде. Ал Юлия Путинцева 35 және Зарина Диас 93 сатыларға жайғасты. 

Бүгінгі таңдағы әлемдік рейтингтің көшбасшылары жайында айтар болсақ, АТР рейтингінде сербиялық Новак Джокович жеке-дара көш бастап түр. Екінші және үшінші орынды ресейлік Даниил Медведев пен испаниялық Рафаэль Надаль еншілеуде. WTA тізімінің алғашқы үштігіне аустралиялық Эшли Барти, жапониялық Наоми Осака және румыниялық Симона Халеп еніп отыр.