• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Мамыр, 2021

Коронавирус: Әлемдегі ахуал қандай?

175 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлем елдеріндегі эпидемиялық ахуалға қатысты мәліметтер жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия үш аптаға созылған қатаң локдаунды жеңілдетіп, бірқатар карантиндік шектеулерді алып тастады. Ел тұрғындарына қайтадан күндізгі уақытта үйлерінен шығуға рұқсат етіледі. Алайда сағат 21.00-ден бастап коменданттық сағат жұмыс істейді. Кафелер мен мейрамханаларға баруға әлі де рұқсат жоқ, дегенмен тағамды жеткізу қызметі жұмыс жасайды. Сауда орталықтары мен киім дүкендері жұмысын қайта бастайды. Түркияда мектептерді ашу мәселесі әлі шешілген жоқ.Эстонияда 17 мамырда 16 жастан бастап халықты жаппай вакцинациялау басталды. Бұл елде Германия және басқа да мемлекеттердегі сияқты белгілі бір санаттарға жасы мен мамандығы бойынша басымдықтар көзделмеген, кез келген адам вакцина салдыра алады. BioNTech/Pfizer, Moderna және Johnson & Johnson вакциналары 50 жасқа дейінгі науқастарға егу үшін қолданылады. Эстонияның қалған тұрғындарына AstraZeneca препараты салынады.

Францияда коронавирустық инфекция бойынша жаңа жағдайлардың күнделікті өсімі және одан көз жұму деректерінің саны азайды. Пандемия басталғаннан бері Францияда 5 877 787 адам коронавирус жұқтырды, осы уақыт ішінде елдің 107 616 тұрғыны Сovid-19 диагнозымен қайтыс болды. Қазіргі уақытта Франциядағы қарқынды терапия палаталарында 4255 адам бар.Ұлыбритания билігі пандемиямен күресуге бағытталған шектеулерді жеңілдетуде. Біріккен Корольдіктің тұрғындарына алты адамға дейінгі топтармен жабық үй-жайларда кездесуге рұқсат берілді. Мейрамханалар мен пабтар, мұражайлар, кинотеатрлар мен спорт залдары жұмысын қайта бастайды.Португалия елге ЕО-ның басқа елдерінен келген саяхатшылар үшін карантиндік шектеулерді жеңілдетеді. Нақты айтқанда, бұл соңғы екі аптада жаңа инфекциялар саны 100 000 тұрғынға шаққанда 500 жағдайдан аспаған Еуроодақ елдеріне қатысты болады. Бұл елдерден келген қонақтар коронавирусқа қарсы тестілеудің теріс нәтижелі анықтамасы болса, Португалияға еш кедергісіз кіре алады.