Үндістанның Бангалор қаласында (Карнатака штаты) жергілікті дәрігерлер SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа симптомын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үндістандық дәрігерлердің пікірінше, коронавирус белгілері қатарына ауыздың қатты құрғап қалуын да қосуға болады. Мамандардың айтуынша, сирек жағдайларда науқастың аузына жара шығуы мүмкін. Бірақ науқастардың дене қызуы көтерілмей, тек әлсіздік болуы ықтимал.
Доктор Саттур 55 жастағы науқастың жағдайын сипаттап, оның температурасы көтерілмегенімен, аузы қатты құрғап, әлсіреп қала беретінін айтқан. Кейін ер адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған.
Дәрігер ауыз құрғап, әлсіздік болса, кез келген адам COVID-19 бар-жоғына тексерілуі керегін айтты.
Дәрігерлер COVID-19 жаңа симптомының пайда болуы инфекцияның жаңа түрлерінің – «ұлыбританиялық», «бразилиялық» немесе «үндістандық» мутацияның таралуына байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті.