Атырауда мұғалімдерді кәсіби міндетінен тыс басқа жұмысқа тартқан мектеп басшысы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық білім басқармасындағылар педагогтарға кәсіби міндетіне қатысы жоқ жұмыстарды жүктегені үшін мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Ал қалалық білім беру бөлімінің бастығы Фаруза Шангерееваның айтуынша, қазір ішкі мемлекеттік аудит департаменті бұл мектепте тексеру жүргізіп жатыр.
Айта кетсек, мектепте жөндеу жұмыстары (күрделі жөндеу) 2020 жылы жүргізілген. Мердігерге кепілдік бойынша қалпына келтіру жұмыстарын атқару туралы хат жолданды.