Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Лион ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, А.Недовесов италиялық Андреа Вавассоримен бірге ұлыбританиялықтар Нил мен Кен Скупскимен кездесті.
Қазақстандық-италиялық жұп 1 сағат 23 минутқа созылған матчта 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Олар бір эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Александр мен Андреа жартылай финалға шығу үшін осы доданың 1-ракеткалары, франциялықтар Пьер-Юг Эрбер - Николя Маюмен таласады.