Пандемия басталғаннан бері әлем бойынша 160 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Германияның өзінде індетке шалдыққандардың саны 3,5 миллион адамнан асады. Оның 3,23 миллионы немесе 90 пайызы ауруынан айыққан. Осы мәліметтерді ескерсек, әлем бойынша SARS-CoV-2 екпесіне деген сұраныстың қандай деңгейде болатынын болжауға болады. COVID-19 инфекциясынан айыққандардың өзі бір екпеге мұқтаж екенін ұмытпаған абзал.
Ұлыбритания Үндістанға тағы 1000 ӨЖЖ аппаратын жібереді.
«Сovid-19 індетімен күресу үшін бәріміз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Жағдай баршамызға қауіпсіз болмайынша қауіп-қатер бәрімізге төнеді» делінген Ұлыбритания СІМ басшысы Доминик Раабтың мәлімдемесінде.
Бұған дейін ел соңғы кезде коронавирус инфекциясының көптеп тіркелетін нүктесі Үндістанға 200 ӨЖЖ аппаратын, 500-ге жуық оттегі концентраторы мен үш оттегі генераторын жолдаған болатын.
Пандемияға байланысты төрт айдан астам мәжбүрлі үзілістен кейін итальяндық Коста кеме компаниясы круиздерін қайта бастайды. Бортында 1500 жолаушысы бар «Costa Smeralda» флагман кемесі Савона портынан шықты. Бұл оның нақты сыйымдылығының төрттен бір бөлігін құрайды. Барлық экипаж мүшелері мен жолаушылар бортқа жіберілмес бұрын коронавирустық инфекциясына тексеруден өтуі керек еді. Сондай-ақ, кемеде бетпердені міндетті түрде кию талап етіледі. Бірінші круиз Италия жағалауын бойлай өтеді.
АҚШ-та коронавирус салдарынан өлім-жітім санының күнделікті көрсеткіші өткен жылдың наурыз айынан бергі ең төменгі деңгейге жетті. Өткен аптада елде COVID-19 салдарынан күніне 546 адам мерт болды, деп мәлімдеді АҚШ Ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығының (CDC) мамандары. Сондай-ақ инфекцияның жаңа жағдайларының саны азайып келеді.