Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай бойынша жаңартылған болжам айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Цой Қазақстандағы коронавирус тарауы бойынша үш болжам айтты.
«Пессимистік сценарий бойынша, вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 60 пайыз болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлар саны 95 мыңға жуық адам болады.
Екінші, шынайы сценарий бойынша вакциналаудың тиімділігі кемінде 80 пайыз болады, сонда 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мың адамға жетеді.
Ал оптимистік сценарийде вакцинацияның тиімділігі кем дегенде 95 пайызды көрсетіп, 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың адам болады», деді Цой
Министр осы сценарийлердің орындалу-орындалмауы халықтың вакцинация мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін мәлімдеді.
«Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға вакцинамен қамтуды ұлғайту, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет деп санаймыз», деді ведомство басшысы.