• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2021

Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны азайды

178 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында COVID-19 жұқтыру деңгейі азайды. Бұл туралы өңір әкімі Ғали Есқалиев айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай жіті бақылауда. Соңғы аптада 658 жұқтыру фактісі анықталды. Алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 9%-ға азайды. Облыстың екі ай бойы қызыл аймақта орналасқанын ескере отырып, аудан тұрғындарының облыс орталығына келуін азайту үшін 1 мамырдан бастап 14 күн бойы Орал қаласы мен қызыл аймақта орналасқан 6 аудан периметрі бойынша блок бекеттер орнатылды», деді Ғ.Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, бұл шаралар облыс орталығына тұрғындар ағынын 35%-ға азайтуға және бұқаралық іс-шаралардың өтуіне жол бермеуге көмектескен. Нәтижесінде, сәуір айында ауру көрсеткіші тәулігіне 200-250-ден тіркелсе, мамыр айында – 90-100 жағдайға дейін төмендеген.

«Мониторинг топтары 1 мамырдан бастап 179 рейд жүргізді, 965 нысан тексерілді. Жоғарыда атап өткенімдей, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу үшін Үкімет бірқатар шара қабылдады, соның арқасында жағдай бақылауда ұстап отырмыз», деді Ғ.Есқалиев.