Нұр-Сұлтанда күзетші өзі жұмыс істейтін мекемеге ұрлыққа түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, демалыс күндерінен кейін жұмысқа шыққан ол кеңсесінен бағасы 150 мың теңге болған ноутбук жоғалып кеткенін байқаған. Тергеу барысында полицейлер ұрлыққа өзгенің көлігін айдап әкеткен 31 жастағы мекеменің күзетшісі екенін анықтады.
Күзетші демалыс күні спиртті ішімдік ішіп мас болған. Сол күні күдікті ғимарат ішіне кіріп ноутбук ұрлап, оны белгісіз біреуге сатып жіберген. Жедел-іздеу шаралары барысында ұсталған күзетші өз кінәсін мойындады.
Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті танымайтын адамдарға сенбеуге, шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылаумен жабдықтауға кеңес береді.