• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Мамыр, 2021

Шекара аймағындағы 400-ден астам ауыл отандық радионы тыңдай алады

173 рет
көрсетілді

Жыл соңына дейін еліміздің шекаралас аймақтарына 107 радио таратқыш орнатылып, Qazaq радиосы мен «Шалқар» радиосы таратыла бастайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл соңына дейін шекаралас аймақтарға Qazaq радиосы мен «Шалқар» радиосын таратуды қамтамасыз ететін 107 радио таратқыш орнатылады. Нәтижесінде 630 мыңнан астам адам тұратын Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекаралас аумақтарындағы 400-ден астам ауыл отандық радиоарналардың бағдарламаларын тыңдауға мүмкіндік алады», деді Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, жол картасын іске асыру нәтижесінде 2025 жылға дейін шекаралас облыстар тұрғындарының 95%-ы радиомен қамтылатын болады.

«Мемлекет басшысының ақпараттық технологияның идеологиялық мазмұны туралы ағымдағы тапсырмаларын ескере отырып, отандық телеарналар белсенді шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, өткен жылы тарихи бағдарларды сериялы түрде шығару жұмыстары басталды, бұл осы тақырыптың үлесін 30% арттырады», деп толықтырды Аида Балаева.