• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2021

Індет жұқтыру дерегі құбылып тұр

106 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстанда эпидемиялық ахуал біршама тұрақты. Облыс соңғы екі айда үнемі «қызылдан» ада, тек «сары» мен «жасыл» аймақтың арасынан табылып жүр.

Алайда сырқатқа ұшырап қалған жандардың деректері жылдам өзгереді. Мәселен, 23 ма­мырдағы дерек бойынша 10 адам ауырды десе, 24 мамырда ол 45-ке бір-ақ жеткен. Оның 39-ның бойынан жаман індеттің нышандары ашық білінген. Сырқаттың ең көп табылған жері – Петропавл қаласы. Барлық сырқаттың 29-ы осы облыс орталығынан табылған. Одан кейінгі көп табылған жер – Тайынша ауданы. Мұнда 9 адам сырқатқа ұшыраған. Ал Ақжар, М.Жұмабаев аудандарынан екі-екіден сыр­қат­қа ұшыраған адам тіркелді.  Ал аурудан жазыл­ған адамдардың саны тиісінше 44 және 10.

Петропавл қаласының көпшілік орын­дарының бәріне тек маскамен ғана кіру қа­таң сақталуда. Күзет қызметтері оны жіті қада­ғалайды. Алайда дәмханалар мен мейрам­хана­лардың сыртқы есіктерінен кіру арқылы ойын-той өткізушілер жазға салым бұрынғыдан кө­бейіп келеді. Полицияның мәліметтерінде бұрын­­ғыға қарағанда мұндайлар көп айтылатын болды.

24 мамырдағы мәлімет бойынша, өңірде сырқатқа ұшырағандардың жалпы саны – 14 527, ал айыққандардың саны – 13 983 адам.  Вак­­цина егу де соңғы уақытта сәл саябырлап қалғанымен жалғасуда. Ірі супермаркеттерде вакцина егетін кабинеттер ұйымдастырылған. Қазір облыста 70 мыңдай адам вакцинаның алғаш­қы компоненттерін, ал 34 мыңдай адам толық екпе алды.

Жаман індеттің көбеюіне Ресеймен екі ара­дағы шекараның  кеңірек ашылуы ықпал етіп отыр. Өйткені қазір ата-әжесіне, туған аға-апасы мен іні-қарындасына баруға да рұқсат берілген. Ресей Федерациясы бұрын тек ата-ана мен балаларына ғана баруға рұқсат берсе, қазір басқа туыстарға баруына да рұқсат етілген. Сонымен бірге ЕАЭО елдеріне мүше елдер­дің азаматтарына да еркін енуге рұқсат берді. Яғни ЕАЭО ел­дері­нің азаматтары Қазақстан арқылы Ресейге кіруге рұқсат алды.

Қалай десек те жаман індеттің жайылуы сая­бырлап келеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы