• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 27 Мамыр, 2021

Семейде ядролық медицина орталығы ашылды

779 рет
көрсетілді

Семейде ядролық медицина орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде мұндай емдеу мекемесінің аналогы әзірге жоқ. Оның ерекшелігі – радиофармпрепарат негізінде онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Радиологиялық нысанды салу барысында техникалық талаптар бұзылып, салдарынан даулы сот процесстері өткен болатын. Алайда, облыс басшылығының дер кезінде қабылдаған оң шешімінің нәтижесінде барлық олқылық жойылып, нысан кезең-кезеңмен пайдалануға беріліп жатыр.

Ядролық медицина орталығы 3 кезеңмен қолданысқа берілмек. Алғашында радионуклидтік-диагностикалық бөлім ашылды. Бұл қауіпті індетті ерте бастан емдеуге жол ашады.

«Аппарат арқылы біз барлық органның жұмысын бақылай аламыз. Сондай-ақ енді пайда болған ісікті ерте бастан анықтауға мүмкіндік бар. Қаңқаның құрылымын зерттей аламыз. Нәтижесі өте жақсы. Оған әлден-ақ көзіміз жетіп отыр», деді радионуклидтік диагностика дәрігер Берік Кәрібаев.