Үндістанның шығысында ойран салған «Яас» дауылы батысқа ойысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Одиша және Батыс Бенгалия штаттарында табиғи апаттан 5 адам қаза тапты. Жергілікті ақпарат құралдары құрбандар қатары бұдан да көп болуы мүмкін дейді.
Үлкен су 128 ауыл мен негізгі жолдарды шайып кеткен. Желдің екпіні сағатына 140 шақырымға жеткен. Билік зардап шеккендерге азық-түлік пен ауыз су жеткізіліп, уақытша баспана берілетінін мәлімдеді. Кейбір аймақтарда вакциналау ісі тоқтап қалған. Дауыл келгенге дейін 3 жарым миллион адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын.