• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Мамыр, 2021

Жылдық есеп жобасын таныстырды

281 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтің төраға­лығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста министрліктің Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есебінің жобасы таныстырылды. Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Б.Рахимов өз баяндамасында есептің құрылымын баяндап, сондай-ақ Комиссия мүшелерін жобаны жария талқылау бойынша жүргізілген жұмыс туралы хабардар етті. Мемлекеттік органдар мен Комиссия мүшелерінен келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар есепте ескерілгенін атап өту қажет.

Сондай-ақ, отырыста Комиссия мүшелері Б.Нұрғазиева, О.Диденко, Р.Ошақ­­баев сөз сөйледі. Комиссия мү­ше­­лері есептің мазмұны бойынша оң пі­кір­лер айтты. Сонымен қатар О.Ди­ден­­ко комиссияға есепті іске асыру ба­ры­сын мониторингтеу өкілеттік­терін беру туралы ұсыныс білдірді. Оты­рыс қо­ры­тындысы бойынша комис­сия есеп маз­мұнына бірқатар ұсынымдар әзірледі.