Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Страсбургтегі (Франция) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.
Бастапқы кездесуінде швециялық Ребекка Петерсонды жеңген Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 53-ракеткасы швейцариялық Жиль Белен Тайхманнан техникалық себеппен басым түсті. Матчты белсенді бастаған жерлесіміз бірінші сетте 2:0 есебімен алда болған еді. Бірақ абайсызда жарақат алып қалған Тайхман жарысты әрі қарай жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп қазақстандық теннисші еш қиындықсыз халықаралық жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Жартылай финалға шығу үшін Ю.Путинцева әлемнің 48-ракеткасы польшалық Магда Линеттпен шеберлік байқасады.