• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Хоккей 29 Мамыр, 2021

ӘЧ-2021: Қазақстан құрамасы ең нәтижелі командалардың үштігіне енді

264 рет
көрсетілді

Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайты Ригада өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен командалардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ең нәтижелі командалардың үштігіне енді. Құрама өзінің мүмкіндіктерін мүлт жібермеген командалар кестесінде Германиядан кейін екінші орынға тұрақтады.

Отандастарымыз турнирдегі 6 ойында қарсыластарына 149 соққы жасап, олардың 21-і қақпа ішінен табылды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының пайыздық көрсеткіші 14.09 болды, Германиянікі - 14.29. Мысал ретінде алғанда АҚШ-тікі — 9.92 болса, Ресей соққыларының 11.63 пайызын көрсетті.