Қазақстанда төрт өңір эпидемиологиялық жағдайы бойынша «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.