Нигерияның Нигер штатында қарулы топ 200-ге жуық мектеп оқушысын ұрлап әкеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Punch газетінің мәліметінше, қарақшылар Тегина қаласындағы мектепке жексенбіде түстен кейін шабуыл жасаған. Олар оқ жаудырып, салдарынан екі адам жараланды. Олардың біреуі қайтыс болды, ал екіншісінің жағдайы ауыр.
Нигер билігі шабуыл болғанын растады, бірақ ұрланған балалардың нақты саны анықталмағанын мәлімдеді.
Нигерияда оқушылар алғаш рет ұрланып отырған жоқ. Шабуылдаушылар оларды босату үшін көбіне төлем талап етеді.
БАҚ мәліметі бойынша, жыл басынан бері Нигерияда 700-ге жуық оқушы ұрланған. Елдің солтүстігінде наурыздан бастап 600-ден аса мектеп жабылды. Билік барлық оқу орнында қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.