• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Мамыр, 2021

Жалған құжат сатудың жолы кесілді

415 рет
көрсетілді

Қостанай қаласының прокуратурасы интернет кеңістік пен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу арқылы жұмысқа қабылдау, оқуға түсу, жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтамаларды және басқа да рұқсат беру құжаттарын сату туралы хабарландыруды жариялау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қостанай таңы» газетіне сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның нәтижелері бойынша 50-ден астам түрлі мөрлерді қолданып, қаланың бес медициналық мекемесінің атынан ресми құжаттарды жасаған Г. есімді азамат анықталды.

«Қостанай қаласының № 2 сотының 2021 жылғы 25 ақпандағы заңды күшіне енген шешімімен азамат Г. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу). Оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сонымен қатар ол 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылды», делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Сонымен қатар қала прокуратурасы жалған құжаттарды дайындаған және сатқан адамдар ғана емес, оларды қолданатындар да қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертеді.