• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 01 Маусым, 2021

400 экспонатпен толықты

341 рет
көрсетілді

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры 400-ден астам ежелгі заман экспонатымен толықты. Мамандардың айтуынша, Шет ауда­нындағы Талды археоло­гиялық қорығынан алынған бұл жәдігерлер қола дәуіріне жатады екен.

Игі іс академик Е.Бө­­кетов атындағы ҚарМУ-дың тарих факуль­теті архео­лог­тері, «Сарыарқа» археоло­гия­лық инс­­­титутының ға­лым­дары мен мамандары, «Ар­хеологиялық зерттеу­лер» ЖШС және бас­қа да ұйым өкіл­­­дерінің қатысуы­мен өткен баспасөз мәс­лихаты ба­ры­сын­да жүзеге асырылды.

«Сарыарқа» археологиялық инсти­тутының жетекші ғы­лыми қызметкері Игорь Кукуш­кин бар­­лық жәдігердің Талды архео­ло­гия­­лық қоры­ғынан алынғанын және олардың басым бөлігі сол маң­­дағы Ақкезең мен Абылай елді мекендерінен табылғанын айтады.

– Жәдігерлердің ішінде бі­ле­зіктер, қола моншақтар, тұтас алқалар, мо­йынтұмарлар тү­ріндегі әйел­дердің әше­кей­лері, сонымен бірге арнайы жапсырмалардың көмегімен жақ-бет алқасына бірік­ті­рілген қола жалдар мен айыл­бастар бар. Әдет­те мұндай мо­йынтұмарлар тоғыз дөң­ге­лек қола айылбастардан тұ­рады. Әшекейдің ор­тасында үлкенірегі орналас­тырылады және олардың бәрі бірдей ою-өрнектермен безендірілген. Экс­понаттардың барлығы музей қорына тапсырылды, болашақта оларды көрмелерден көруге болады, – дейді И.Кукушкин.

ҚАРАҒАНДЫ