• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Медицина 01 Маусым, 2021

Коронавирус көрсеткіші төмендей бастады – Алексей Цой

2091 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы республика бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық көрсеткіші азаюда. Соңғы аптада КВИ жұқтырғандар саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін (21 пайызға) төмендеді. Жалпы, соңғы айда ауру 1,6 есеге азайды», деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.

1 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсектердің 28 %-ы, реанимациялық төсектердің 24 %-ы науқастармен толықты.