• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Маусым, 2021

Қазақстанда қанша адам вакцина салдырды?

198 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналаудың қазіргі жағдайы мен барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінгі күні вакцинаның 3,2 млн дозасы пайдаланылды, оның 1-компоненті бойынша 2 131 519 адам егілді, бұл тиісті халықтың 21%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 074 954 адам қамтылды.

Бүгінгі күні егу пунктерінде вакцинаның саны жеткілікті, бірінші компоненттің 330 мың доза, екінші компоненттің 811 мың доза вакцина бар. Маусым айында КВИ вакцинасының 2 млн-ға жуық қосарлы дозасы жеткізіледі деп күтілуде, бүгін «CoronaVac» вакцинасының 500 мың дозасы алынды. Осылайша Қазақстанда 4 вакцина қолжетімді болады», деді А. Цой.