Көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 31 мамырда сағат 23:10-да Павлодар ауданы Луганск ауылының жанындағы «Ефремовка-Луганск» автожолының 10 шақырымында «Тойота Естима» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, кюветке аударылып кеткен.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция атап өткендей, автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.