Перуде Сovid-19-дан болатын өлім-жітім көрсеткіші 2,5 есе артып кетті. Қазір бұл ел коронавирустық инфекциядан болатын өлім көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекеттің премьер-министрі Виолета Бермудестің мәлімдеуінше, көрсеткіштер Перу және халықаралық сарапшылардың ұсынысы бойынша қайта қаралып, онда елдегі артық өлім жағдайлары ескерілген.
Жаңа мәліметтерге сәйкес, Перуде пандемия басталғаннан бері 180 764 адам қайтыс болған. Ескі есеп бойынша бұл көрсеткіш 69,3 мыңнан асқан болатын.