• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2021

Балық аулау қағидасын бұзған 300-ге жуық атыраулық жауапқа тартылды

580 рет
көрсетілді

Балық аулау қағидаларын бұзған 300-ге жуық атыраулық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған бекіре тұқымдас балықтарды қорғау мақсатында «Бекіре-2021» акциясы өтті. Іс-шара басталғалы балықтың заңсыз айналымына байланысты 246 құқық бұзушылық анықталды. Тәртіп сақшылары іс-шара кезінде екі тонна балық тәркілесе, оның ішінде бір тонна бекіре тұқымдас балықтарын, 239 балық аулау құралдары және 12 су құралдары тәркіленді. «Бекіре-2021» іс-шарасы кезінде 16 қылмыстық іс қозғалған.

– ҚР IIM-нің бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуір және 31 мамыр аралығында Жайық-Каспий бассейні аумағында бағытталған «Бекіре-2021» жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған. Іс-шара барысында республикалық және облыстық тас жолдарында (Астрахань, Ақтөбе, Орал бағытындағы және облыстық Индер тас жолы) және қала аумағындағы автокөлік жолдарымен айналма далалық жолдарына 35 мобильдік топтар қызмет атқаруда. Облыс орталығы мен Жайық өзенінің жағалауында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңсыз балық аулаудың алдын алу мақсатында сегіз жаяу бағыт екі ауысымда патрульдеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар заңсыз балық аулаудың жолын кесу үшін, Жайық өзені жағалауларында орналасқан қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының 22 бейнебақылау камераларымен бақылау жүргізілуде, – деді Атырау облысы ПД-нің бастығы Қамза Үмбетқалиев.