Ақмола облысының Целиноград ауданында 18 жастағы жігітті көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 2 маусымда Нұр-Сұлтан қалалық ПД жедел басқару орталығының кезекші бөліміне Талапкер ауылының аумағында «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1237 шақырымында «Toyota Camry» маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы телефон хабарламасы түскен.
«Мәлім болғандай, Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған 20 жастағы астаналық жолды рұқсат етілген тұсынан бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан Талапкер ауылының 18 жастағы тұрғынын қағып кетті. Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды», деді ведомстводан.
Қазіргі кезде, көлік жүргізушісінің үстінен Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3-ші бөлігі «жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сонымен бірге, оған «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жалғасуда.