• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Маусым, 2021

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да ушыға түсті

357 рет
көрсетілді

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да шиеленісе түсті. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәжікстан 4 маусымда сағат 03.00-де Қырғызстан аумағына, Чон-Алай ауданының Унжу-Бұлақ елді мекенінде контейнер орната бастағаны хабарланды. Сағат 06.00-де тәжікстандықтар орнатылған контейнерден 600 метрге аулақ кетті.

«Тәжік тарапынан әскери қызметшілердің жеке құрамының автомобиль және жеңіл құрышпен қапталған техникамен жиналғаны байқалады. ҰҚК Шекара қызметі жанжалдың ушығуына жол бермеу мақсатында барлық шараны қабылдайды. Алайда ТР шекара өкілдері телефон қоңырауларына жауап бермей жатыр. Қырғыз-тәжік шекара учаскесінде орналасқан Қырғыз Республикасының Шекара қызметі бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті», деп хабарлады Шекара қызметі өкілдері.

Еске салайық, 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметтері арасында қарулы қақтығыс болды. Түрлі есептер бойынша, зардап шеккендердің жалпы саны 134 адамнан асты, оның ішінде қырғызстандықтар арасында 13 адам және Тәжікстан тарапынан 10 адам қайтыс болды.