• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2021

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

474 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті айналымы 200 млн теңгеден асатын «Денежный поток» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тергеу барысында 2019-2020 жылдары ШҚО-ның екі тұрғыны мессенджер арқылы Ресейдің ірі құрылыс компаниясының қызметі түрінде алаяқтық схеманы ұйымдастырғаны анықталды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар екі ай ішінде жарна сомасының 25%-і мөлшерінде апта сайынғы мол пайда табуға уәде берген. Бұған сеніп қалған салымшылар ресми шарттар жасаспаған, ақша аударымдарын ұйымдастырушылардың картасына жіберген», деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Қаржы пирамидасына 370-тен астам адам алданып, олардың тек 43-і органдарға жүгінді. Кінәлі тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.