• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2010

БАЛАБАҚША... МЕКТЕПКЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

538 рет
көрсетілді

Осы дұрыс па? Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында білім, ғылым саласына қа­тысты мәселелерді жүзеге асыру үшін әлемдік білім, ғы­лым жүйесінің жетіс­тік­теріне көз жүгір­тіп, отандық, ұлт­тық, білім беру сала­сының қайта құру, саналы ілім, сапалы оқу стратегиясын бала­бақ­шадан жоғары оқуға дейін жетіл­діріп, біртұтас бағдарлама жасау уақыт күтірмейтін іс екенін алға тартты. Осы мәселелер төңірегінде көп­теген мақалалар, дөңгелек үстел­дер, талқылаулар өтіп жатыр. Нақты оның іске асуы, қорытын­дысы қалай болады? Қазіргі уақыт­та жалпы білім беретін мектептер, орта, жоғары оқу орындары өз жоспарларымен білім беруде. Он екі жылдық оқу жөніндегі әңгіме айтылғалы да біраз болды. Он жылдан асып та кетті. Кейбір мектептер бұл іске ішінара көшкен сияқты. Бірақ нені оқытып жат­қаны, оқушылардың кім болып шығатыны, нәтижесі қандай болатыны нақты көрінбей тұр. Елу жыл білім, ғылым сала­сын­да еткен еңбек жиған тәжіри­беге сүйеніп ХХІ ғасырдың табал­дыры­ғын именбей аттаған тұста білімді, ғылымды осыған икемдеу туралы өз ұсынысымды айтсам деп едім. Біріншіден, білім, ғылым сала­сын жүйелі іспен елдік бағытқа қарай қайта құру керек. Екіншіден, білімді талапкерге жаңа методикамен оқыту. Шетел стандарттарының ең озық деген­дерін ғана ала отырып, ұлттық білім беруде менталитетімізді алға шығарып жаңа жоба, жаңа бағдар­лама жасауды кең отырып, кеңесіп барып қолға алу. Он екі жылдық орта білім алу кезінде бала біліммен қатар нақты мамандыққа ие болып шығатыны белгілі. Ендеше барлық лицей, кол­ледж, техникум, әртүрлі курс­тар­ды он екі жылдық оқуға бағы­ттап, біріктіру жағын ойластыру қа­жет тәрізді. Қазіргі орта білім беруге мемлекет тарапынан бөліне­тін және орта кәсіптік техникалық білім беруге, “Жол картасы” сияқ­ты арнаулы мамандандыруға бөлі­нетін қаржы бір орталыққа, яғни он екі жылдық білім беруге шоғыр­ланды­рылғаны жөн. Он екі жылдық білім саласында оқыған әр азамат өзінің таңдауына сәйкес бір мамандықтың иесі екенін дәлел­дей­тін құжат, яғни диплом берілуі керек. Білімін әрі қарай сол саламен да­мытамын десе, жоғары оқу орын­дарын­да жалғас­тырсын. Болмаса қо­лын­дағы маман­дығы бойынша еңбек етсін. Қазіргі білім жүйесі – класси­калық қалыптасқан жүйе. Оған жаңа он екі жылдық оқу қосылмақшы. Бірақ бірін бірі дамыта, толықтыра алмай отыр. Он екі жыл орта білім + 2 жыл кәсіптік техни­калық білім беру, +4 жыл жоғары білім + 2 жыл ма­гистратура, аспи­ран­тура – орташа жиырма жыл оқыт­қанымызбен бүгін маман тап­шылығын азайту­дың орны­на, күннен күнге өсіріп алып жатқан­дай­мыз. Білім жүйесі қай­та құрумен қа­тар, сапалы білім беру үшін бала­бақ­шадан бастап, жо­ғары білім үйрететін маман да­йындаудың біртұтас отандық, ұлт­тық оқу жос­парын жасасақ ұтыл­мас едік. Тағы бір ай­та кетер мәсе­ле, “0” сынып деп аш­қан балабақ­ша­­лары­мыз мектепке айна­лып бара жа­тыр. Бұл баланың даму про­цесіне, психоло­гия­сына кері әсер етуі мүмкін. Иә 4 жаста жазуды меңгеріп, 15 жаста жоғары мектеп­ке түсетін таланттар бар. Әрине қазақ хал­қы төзімді, алғыр де­ген­мен әр нәрсені ұрпақ­тың бойына, ойына шақтаға­нымыз жөн. Сол секілді отан­дық, ұлттық оқы­ту жоспарында көрсетіл­ген бәріне бірдей пән­дер, Қазақ­стан тари­хы, қазақ әдебиеті, эко­номикалық жараты­лыстану, эколо­гия және шетел тари­хы, шетел әдебиеті барлық оқу жүйе­­сінде, оның ішінде Қазақ елін­де жұмыс істеп жатқан шетелдік оқу ошақ­тарында міндетті түрде оқыты­луы тиіс. Мемлекеттік тілден басқа тілде оқитын оқу орындары, жаңа­дан ашылған университеттер өздері­нің оқу әдістемесімен бірге, Қазақ елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәс­­түрін, дінін, тілін, білуі міндет­ті. Осыған орай, ондай оқу орын­дары лицензия алу­мен қоса өз­деріне қажет ұлттық бағ­дарламаны, әдісте­мені, оқулықтарды әзірлеуге қара­жат бөлу керек. Мысалға, “Болашақ” бағдарламасымен шетелде оқуға тілек білдірген біздің жастар сол елдің тілін, оның ішінде ағылшын ті­лін білмесе, маңайына жолат­пай­ды. Чех мемлекеті чех тілін білмесе оқу орындарына қабыл­дамайды. Сон­дық­тан, өз ана тілімізді үйрену үй­ден басталса, мектепте үш тілді мең­­геру орнықса, нұр үстіне нұр болар еді. Зеннат ЕРҒОЖИНА, экономика ғылымдарының  кандидаты, доцент. АСТАНА.