• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Маусым, 2021

Елордада «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы» ашылды

529 рет
көрсетілді

Елордадағы Президенттік саябақта «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясы» ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай, ел ордасы Нұр-Сұлтанның ең беделді саябағы саналатын Президенттік саябақта «Түркия-Қазақстан бауырластық аллеясының» ашылуы өтті.

Есіл өзенінің жағалауында ашылған және ҚР Президенті резиденциясы - Ақордаға қарама-қарсы орналасқан аллеяға екі бауырлас елдің әр жылын бейнелейтін 30 тал отырғызылды. Түркия Елшісі Уфук Экиджи мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен өткен ашылу салтанатына Халықаралық түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Елшісі Рашад Мамедов, ҚР СІМ департамент директоры Оңталап Оңалбаев және Нұр-Сұлтандағы түрік қауымдастығы өкілдері қатысты», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аллеяның ашылуы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Елшіліктің мәлімдеуінше, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел Түркия болды. Екі бауырлас ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 2 наурызда орнатылды.