Қазақстанда 6 маусымдағы мәлімет бойынша коронавируспен ауырған 573 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«6 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 709 адам коронавирус инфекциясынан (23 814 КВИ+ және 895 КВИ-) емделуде, оның ішінде 8 653 пациент стационарда жатыр, 16 056 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 573 адамның жағдайы ауыр, 130 пациенттің жағдайы өте ауыр, 77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.
Елімізде 4 маусымдағы мәлімет бойынша, 18 адам короанвирус инфекциясынан қайтыс болды. Оның 15-і КВИ+, 3-уі КВИ-.