• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 07 Маусым, 2021

579 адамның жағдайы ауыр – ДСМ

176 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 маусымдағы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 600 адам коронавирус инфекциясынан (–23 703 КВИ+ және 897 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 724 пациент стационарда, 15 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

579 адамның жағдайы ауыр, • 120 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 78 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

5 маусымдағы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 21 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 17 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 55804, 933 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51518-ге жетті.