Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының бұрынғы орынбасары Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген жедел-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабында жаңа қызметке кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz
Ол 2021 жылдың 1 маусымынан бастап Республикалық орталық әскерилендірілген төтенше жағдайлар қызметі штабы (РВЧ ПВАСС) бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Владимир Божко 1971 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО КГБ Жоғары курстарын «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру»; «Операциялық құрам» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде жетекші қызметтер атқарған болатын. Оған қоса генерал-лейтенант шені бар.
2007-2014 жылдар аралығында Владимир Божко Төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы Мәжіліс Төрағасының орынбасары қызметіне сайланды.
Отан алдындағы ерекше қызметі үшін I дәрежелі «Барыс», II дәрежелі «Айбын» ордендерімен, КСРО, Қазақстан Республикасының және шет елдердің 43 медалімен марапатталған.
Жансая Мұратбек