• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2021

Солтүстік Қазақстанда 8 жастағы қыз жоғалып кетті

309 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданында жоғалып кеткен 8 жасар қызды полицейлер мен құтқарушылар іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 маусым күні сағат 10:00-де СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері, аудандық бөлімнің құтқарушылары және полицейлер, жергілікті атқарушы орган өкілдері жоғалған қызды іздеуді бастады. 8 жасар қыз үйінен сағат 20:00 шамасында ешкімге айтпай шығып кеткен. Есіл өзенінің жағасынан жеткіншектің киімі табылды.

«Есіл өзенінің түбі және өзеннің бойы тексеріліп жатыр. Жеке құрамнан 19 адам, 5 техника және екі қайық жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстары жалғасады», дейді СҚО ТЖД Есіл аудандық төтенше жағдай бөлімінің бас маманы Кенжебек Қожахметов.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 жасар қыз ауылға жазғы демалысқа қонаққа келген. Кешке жақын үйіне оралмаған соң әжесі учаскелік полиция инспекторына айтады. Ол еріктілер мен ТЖ қызметкерлерін жұмылдырып, баланы іздейді.

Өзен жағасында, шамамен ауыл шетінен 500 метрдей жерде қыздың киімдері табылды. Күндіз ол өзімен тетелес немере інісімен ойнаған. Бала үйіне оралған соң, қызбен бірге суға түскенін және оны ағыс алып кеткенін айтқан.

«Өтініш кешкі сағат 23.00 шамасында келіп түсті. Түні бойы іздестірілді. Қазір жұмыс жалғасуда. Сүңгуірлер шақырылды», дейді Есіл ауданының ПБ бастығы Ерлік Есләмбеков.